Қызының бұзақылығы үшін ананың жауапкершілігі
Ата – аналар өз балаларының тәрбиесі мен дамуы үшін жауапты болып табылады. Алайда, көбіне ата-аналардың өз міндеттеріне салғырт қарауы жағымсыз салдарға әкеліп соғады.
Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен кәмелет жасқа толмаған баланың колледж аумағында темекі өнімін пайдаланып, оны жерге тастағаны және осылай шағын бұзақылық жасағаны анықталды.