Жеке айыптау істері бойынша процессуалдық шешім қабылдау және тергеулігі бойынша жолдау
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында сот судьялары, Есіл ауданының прокуратурасы мен ІІБ-ның өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау істері бойынша процессуалдық шешім қабылдау және тергеулігі бойынша жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Б.Ж. Есенов жеке айыптау істері бойынша сотқа жолдауға дейін дұрыс құқықтық баға беруі қажеттігін айтып, жеке шағымдарды басқа қылмыс құрамынан шектеп, процессуалдық мерзімдерді сақтау қажеттігін атап өтті.