Жеткізілген тауар сапасыз болып шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2013 жылы «Вокзал – сервис» АҚ және «Ансар-JD-2004» АҚ араларында отандық тауар өндірушілерден креслолар сатып алу туралы шарт жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес жауапкер Астана қаласы темір жол вокзалының меншігіне күтушілер залына арналған креслоларды беруге міндеттелген.

Тауар Астана қаласы вокзалының қоймасына жеткізілді, алайда тексеру кезінде кемшіліктер анықталды, оларды жауапкер бір айдың ішінде ауыстырып беруге міндеттелген. Сонымен  қатар, жарамай қалған креслоларды жауапкер ауыстырмаған және кері қайтарып алынбаған. 

Астана қаласы мамандандырлыған ауданаралық экономикалық соты

«Ансар-JD-2004»  ЖШС-ын  үш орынды 17 креслоны ауыстыруға немесе жөндеуден өткізуге міндеттеді.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының Баспасөз қызметі