Әйелін тірідей өртеген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғыны С.К.Умирбековті өзінің жұбайын аса қатыгездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп таныды (ҚК-тің 99-бабы 2-бөл. 5-тарм.).

2019 жылғы 6 қазанда С.К.Умирбеков жұбайын елорданың сырт жағына алдап апарған. Оны опасыздық жасады деп айыптап, ұрып-соққан, сосын бензин құйып, өртеп жіберген. Әйел адам жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

С.К.Умирбеков жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Жаза тағайындалу барысында жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған балалардың болуы және жазаны ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілді.  Қылмыстық кодекстің 55-бабының 2-бөлігі 3)-тармағының талабына сәйкес, аталмыш бап бойынша ең жоғары мерзімнің немесе мөлшерінен, яғни аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшiнен  асырылмайды.

Сот арызды қанағаттандырып, сотталғаннан моральдық зиян есебінде жәбірленушінің өкілі пайдасына төрт миллион теңге өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

 

Источник: 
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот