«Судьяның жоғары мәртебесі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының Есіл аудандық сотында «Судьяның жоғары мәртебесі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді.

Өзінің сөзінде Д.Әбдіғалиев, әрбір азаматтың өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға конституциялық құқығын іске асыру, Қазақстан Республикасы атынан сот төрелігін жүзеге асыру, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тек ҚР Конституциясы мен заңдарға бағыну судьяның адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды деп атап өтті.

Сондай-ақ, Д.Әбдіғалиев, судья қоғамның сот төрелігі жүйесіне сенімін нығайту үшін мінез-құлықтың жоғары стандартын ұстануы және оған үлгі болу тиіс, ол жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғаудың үйлесімділігін қамтамасыз ететін тәуелсіз сот төрелігін қолдаудың негізі болып табылады деп ата өтті.

Дөңгелек үстел соңында сот төрағасы судьяның жоғары мәртебесіне оның беделі мен бейнесінің, азамгершілік тазалығының сәйкес келуіне талпынуға міндетті деп атап көрсетті.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі