Сотта студенттердің қатысуымен Ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында Қазақ гуманитарлық –заң университеті студенттерінің және аға оқытушы А.Асылбекованың қатысуларымен  «Ашық есік күні» өтті.

Шараны сот төрағасы Ғ. Нәсірдінов ашты және кездесу барысында болашақ заңгерлерге сот жүйесіндегі жұмыстардың маңыздылығы және қиындығы жөнінде айтып берді. Студенттерді қолданыстағы азаматтық заңнамамен, соттарға енгізіліп жатқан кейінгі технологиялық өзгерістермен таныстырды.

Шара соңында студенттер сот отырыстарына қатысуға ниет білдіріп, жүргізілген шараға шақырылғандықтары үшін соттың ұжымына алғыстарын білдірді.  

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі