Пара алғаны үшін қылмыстық жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы іздестіру бөлімшесінің инспекторы Ә. ақша түрінде пара алу мақсатымен, А-ның автокөлігінің мемлекеттік нөмірін алып, алынған нөмір үшін ақшалай сыйақы талап еткен.

Алайда жүргізуші инспектордың заңға қайшы әрекетін түсініп, Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне тиісті арызбен жүгінген.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Ә. Қазақстан Республикасы ҚК 366-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған және оған өмір бойына құқық қорғау қызметінде және мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айыра отырып 2 млн теңгеден астам айыппұл түрінде жаза тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі