Нұр-Сұлтанда жас жігіт бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бірнеше рет сотты болған жас жігіт 2018 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың наурызы қоса есептелген кезеңде елорда аумағында бірнеше рет ұрлық жасаған.

Ол кейбір азаматтардың түнде есікті жаппайтынын пайдаланып, есігі ашық пәтерлерге кіріп, ұялы телефондар мен ақшалай қаражаттарды ұрлаған. Бұған қоса, елорданың сауда-демалыс орталықтарында келушілер мен демалушылардың ұялы телефондарын жымқырған.

Оның осы әрекеттерінің салдарынан 11 адам зардап шекті.

Есіл ауданы № 2 аудандық сотының үкімімен Д. ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын төтенше қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйелерінде өтейтін болды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Есіл ауданы № 2 аудандық соты