Қ.Омар 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сотқа дейінгі тергеу органы Қ.М. Омарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 12 миллионнан астам теңгені жымқырды деп айыптаған..

Сот талқылауы барысында айыптау тарапы Қ. Омардың осы қылмысты жасағаны туралы жеткілікті дәлелдемелерді ұсынбады.

Сот жекелеген тергеу әрекеттерін: тінту және қарау хаттамаларын, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысын, олар қылмыстық-процестік заңды бұзумен алынған деп танылуына байланысты, жарамсыз дәлелдемелер деп таныды.

Сот «Азат-Шаңырақ» КСПК-ның меншік иелері болып табылмайтын адамдардан ақша қаражатын заңсыз қосымша жинау фактісін анықтады. Осыған байланысты Қ.М. Омардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 250-бабы 1-бөлігі бойынша қайта сараланған (Өкiлеттiктердi терiс пайдалану).

Елордамыздың № 2 Сарыарқа аудандық соты Қ.М. Омарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 250-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Ол 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты