Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 2 бөлігінде көзделген (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін азамат У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, 2015 жылғы сәуір айында күдікті У. «Кызылжар» бекетінде, Ауди «А-4» маркалы автомобиль салонында бола отырып, Астана- Қарағанды бағыты бойынша жол жүріп келе жатқанда, шалбарының оң жақ қалтасында гашиш – есірткісі заңсыз сақталғаны, ол оны бұдан бұрын өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алғаны анықталды.

Сотта сотталушы У. кінәсін толық мойындады және ұсталғанға дейін бірнеше күн бұрын «Юбилейный» дүкенінің маңында гашиш – есірткісі болған түйіншекті тауып алғанын көрсетті. Түйіншекті қалтасына салған және оны полиция қызметкерлері тауып алғанға дейін ол туралы ұмытып кеткен.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды және оған 49 550 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Астана қаласының баспасөз қызметі