Денсаулыққа жеңіл зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 108-бабында көзделген денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Басты сот талқылауы барысында жәбірленушіден тараптардың татуласуына байланысты сотталушыға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат келіп түсті.

Сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылды.

Сот тараптарға жеке айыптаудан бас тарту салдарын және сотталушыны осы әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қайталанған шағымын беру мүмкіндігі болмайтыны түсіндірілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Астана қаласының баспасөз қызметі