Дауларды шешудің балама тәсілдері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Бүгін Астана қалалық сотының судьялары А.Жақыпованың, С.Жармұхамбетованың, Е.Максютаның, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Л.Баянның, Астана қалалық  адвокаттар алқасының адвокаты Н.Зулхарованың, «Қазақстан кәсіпкерлерінің одағы» ЗТБ жанындағы Аралық соттар төрағасы Т.Жантеміровтің қатысуларымен дауларды шешудің балама тәсілдері және медиация рәсімдерінің парктикалық аспектісі мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада Астана қалалық сотының судьясы, оқу бағдарламасының үйлестірушісі Е.Максюта сөз алды, ол іс-шараның басты мақсаты –  құқықтық кикілжіңдерді шешудің балама тәсілдерін, аралық соттардың экономикалық-құқықтық қатынастарын реттеуді жүзеге асыруын, азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиация рәсімдерін атап өтті.     

Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың баяндамалары тыңдалды, бірінші сатыдағы соттардың медиация рәсімдерін практикалық қолдануларындағы өзекті мәселелері тыңдалды. Одан басқа, дауларды сотқа дейін реттеу жөніндегі пікірлерімен алмасты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді. Қатысушылар осы мәселе бойынша алдағы уақытта өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.  

Источник: 
Астана қаласының баспасөз қызметі