«Атқару өндірісі туралы заңнаманы қолданудың тәжірибесі» атты тақырыбта семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласының Алматы аудандық сотында келесі тақырыптарда «Атқару өндірісі туралы заңнаманы қолданудың тәжірибесі», «Шарттарды бұзу туралы істерді қараудың сот тәжірибесі» атты семинар сабағы өтті. 

Семинар жұмысына Астана қаласы сотының судьясы, модератор Е.Максюта, сот төрағасы Ғ.Нәсірдінов және аудандық соттың судьялары қатысты. 

Судья С.Асанова өзінің баяндамасында ҚР Конституциясына және ҚР АІЖК-не сілтеме жасай отырып, заңды күшіне енген сот шешімдері барлық мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары үшін, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті күші болып табылады деп атап көрсетті.  Сот актісінің орындалуы азаматтық сот ісін жүргізуде маңызды саты болып табылады және мемлекетте сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігін анықтайды. Атқару өндірісінің мақсаты - азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін даулау немесе бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады. Сот орындаушының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану  атқару өндірісінің тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда соттық бақылау түрінде жүргізіледі. Семинар барысында судья С.Асанованың тарапынан жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді банктерден ұсыну туралы сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау туралы, атқару өндірісіне санкция беруден бас тарту туралы сот ұйғарымдарына шағымдану туралы сұрақтар көтерілді. Сонымен қатар, сот орындаушылардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктері) шағымдану бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді.

Осыған қоса, судья Л.Сүйіндікованың шарттарды бұзу туралы азаматтық істерді қарау кезінде туындаған мәселелер жөнінде талқыланған баяндамасы да тыңдалды. 

Семинар барысында судьялар аталған санаттағы істерді қараудағы маңызды сұрақтарды талқылады және сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді. 

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар енгізілді. 

 

 

 

Қайнар: 
Астана қаласының баспасөз қызметі