Астаналық тұрғын өзін ұрлап кеткені туралы жалған мәліметі үшін 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

А. елордадағы компаниялардың бірінде риэлтор болып істеп жүріп, бес күннен асам уақыт жұмысқа бармаған, жұмыстан шығып қалмау мақсатымен, ол белгісіз адамдардың оны ұрлап кеткені, сондай-ақ одан көрсетілген  адамдар ақшалай қаражаттары мен ұялы телефонын ұрлағаны туралы  полицияға жазбаша түрде жүгінген.

Сол күні оның арызы бойынша ҚК 125-абы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын өткізу кезінде, А-ға қатысты адам ұрлығы мен ашық мүлікті тонау болмағанын анықтаған.

Астана қаласы Есіл  ауданы №2 аудандық сотының үкімімен А. ҚК-нің 419-бабы 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылған, әрі оған 3 жыл мерзіміне бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындалған.

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Есіл ауданының №2 аудандық соты