Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының VII судьялар съезінің қорытындысын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы, судьялары және мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының VII судьялар съезінің қорытындысы бойынша отырыс өтгі.

Сот төрағасы А.Құрмантаев Қазақстан Республикасының VII судьялар съезінде сот жүйесінің дамуы, сот төрелегінің сапасын және судья лауазымына кадрлық қабылдау нәтижелері айтылғаны туралы атап өтті.

Сонымен қатар, VII судьялар съезінде судьялардың моральдық жауапкершілік мінез-кұлқының сапасын арттыратын Судья әдебі кодексі қабылданды.

Іс-шара қорытындылай келе, сот төрағасы А.Құрмантаев VII судьялар съезіндегі Ел басының тапсырмаларын орындау мақсатында сотгың жұмысы бойынша бірнеше мақсат белгіледі.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының Баспасөз қызметі