«Астана ЭКСПО-2017» бұрынғы төрағасы Т.А.Ермегияевқа және басқаларға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 10 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевқа қатысты, бұрынғы басқарушы директор Сұламбек Баркинхоевқа қатысты, құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновке қатысты, сондай-ақ коммерциялық ұйымдардың басқа да бірқатар жұмыскерлеріне қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

Қылмыстық іс төрағалық етуші судьяның зерделеуінде. Процестік мерзім өткеннен кейін қылмыстық істі соттың іс жүргізуіне қабылдау мәселесі шешілетін болады.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі