«Алқабилерге үміткерлермен кездесу және олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Алқабиге үміткерлерімен кездесу және олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған дөңгелек үстелге Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің өкілдері, Астана қаласының №53 мектеп-лицейінің, Астана қаласының №1,2,3 перинаталдық орталықтарының өкілдері және соттың судьялары қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушыларына Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» заңының негізгі жағдаяттары, алқабиге үміткерлердің тізімін құру тәртібі және алқабиге сыйақы төлеу тәртібі туралы толық ақпарат берілді.

Аталған шараның қорытындысы бойынша болашақта осы сияқты шараларды Астана қаласының психикалық және наркологиялық диспансер және Астана қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының өкілдерінің қатысуымен өткізу қажеттігі туралы шешім қабылданды.

 

Источник: 
Астана қаласының баспасөз қызметі