Алимент төлемеушілердің назарына!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы сот бұйрығына сәйкес, Б. атты азаматтың кәмелетке толмаған балаларын асырап бағу үшін айлық табысының 1/3 бөлігі өндірілген.  

Алайда, Б. сот бұйрығының талаптарын орындамаған. Сол себептен 2019 жылғы 3 қазан айына Б.-ның алимент бойынша қарызы 3 миллион теңгеден асатын сомманы құраған.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 3 тәулікке әкімшілік  қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот