Архив событий

08/01/2014

Жаңа кадрлық тағайындаулар

08/01/2014

ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қалалық сотының төрағасы  қызметіне Тілектес Ешейұлы Бәрпібаев тағайындалды. Бүгін  Астана қалалық сотының   судьяларын  ҚР Жоғарғы сотының  төрағасы  Қайрат Әбдіразақұлы  Мәми  жаңа  төрағамен таныстырды. Ол еңбек жолын Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы ІІД инспекторы болып бастады. 1992  жылдан сот саласында түрлі қызметттер атқарды. 

Заң шығармашылығы. Практиканың тәжірибесі мен пікірін ескере

08/01/2014

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстері, сондай-ақ, ӘҚБтК  нормаларының жобасын жан- жақты талдау мақсатында   Заң және сот құқықтық реформалары  жөніндегі Комитетімен  мәжіліс депутаттары  Астана қалалық сотында көшпелі жұмыс тобының  алдын ала жоспарланған жиынын өткізді.  Бұған дейін Мәжіліс депутаттарымен судьялардың бас қосуында  заң нормалар және Құқық институттар жөніндегі сұрақтар көтерілген болатын.

Судьялыққа кандидаттарды анықтау

08/01/2014

2013 жылғы 22 қарашада сағат 16:00-де Астана қалалық сотында Қазақстан Республикасының жергілікті соттары судьяларының бос қызмет орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын, облыс аумағында тұратын кандидаттарға қойылатын жоғары талаптар шеңберінде, кандидаттардың араласатын ортасын, моральдық адамгершілік бейнесін айқындау мақсатында жиналыс өткізіледі. Осыған байланысты, кандидаттарға жұртшылықтың пікірлерін білдіруге болатындығын хабарлайды. Келтірілген пікірлер мен ұсыныстарды Астана қаласы, Омаров көшесі 57 үй, Астана қалалық сотына жолдауға болады.