Жаңа кадрлық тағайындаулар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Президентінің Жарлығымен Астана қалалық сотының төрағасы  қызметіне Тілектес Ешейұлы Бәрпібаев тағайындалды. Бүгін  Астана қалалық сотының   судьяларын  ҚР Жоғарғы сотының  төрағасы  Қайрат Әбдіразақұлы  Мәми  жаңа  төрағамен таныстырды. Ол еңбек жолын Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы ІІД инспекторы болып бастады. 1992  жылдан сот саласында түрлі қызметттер атқарды. 

Тілектес Ешейұлы   бұған дейін Алматы қалалық  сотының  төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық  және Алматы облыстық сотының  төрағасы  лауазымын атқарған.  Астана қалалық сотына осы уақытқа дейін  төрағалық еткен  Сәкен Жүсіпахметұлы Абдуллаев  енді ҚР Әскери сотын басқаратын болады.  

Сондай-ақ,  Астана қалалық сотының  қылмыстық істер жөніндегі  апелляциялық сот алқасының төрағасы болып Жазылбек Әбдиев тағайындалды.  Астаналық мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне  Вячеслав Васильевич Салий бекітілді. Астана қалалық сотындағы жаңа тағайындаулардан кейін  ҚР Жоғарғы  сотының төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми   бекітілген лауазым иелеріне соттар қызметінде  ашықтық пен жариялықты қамтамассыз етуін  баса тапсырды.