Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Адам қоймаға заңсыз кіріп ұрлық жасағаны үшін сотталды

01/06/2023

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ұрлық жасау фактісі бойынша К.-ге қатысты айыптау үкімін шығарды (ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3 тармағы).

Тғылған айып

К. алдын ала сөз байласып, адамдар тобымен терезенің есігін итеріп, ғимаратқа кіріп, құрылыс құралдарын ұрлап кетті. Нәтижесінде жәбірленушіге 196 мың теңге көлеміндмөлшеріндее материалдық залал келтірілді.

Сотта

Шартты тиісті түрде орындаму

23/04/2015

Астана қаласы Есіл ауданының сотында «CaspianServiceKazakhstan» ЖШС-ның аз. У-ға қатысты берешек сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арыз уәждемесі бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алуға алдын ала шарт жасаудың тәртібіне сәйкес, тараптар алдын ала шарт жасау бойынша, сатып алушы толық есеп айырысқан кезден бастап, 7 жұмыс күні ішінде негізгі шартты жасауға міндеттелген.

«Сот сараптамасын тағайындау» тақырыбында семинар сабағы өтті

17/04/2015

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Сот сараптамасын тағайындау» тақырыбында семинар сабағы өтті. 

Семинардың модераторы Астана қаласы сотының судьясы Е. Максюта сөз сөйледі. Семинар жұмысында сот төрағасы Ғ. Нәсірдінов және судьялар қатысты.

Семинар барысында судья А.Ахметова «Сот сараптамасын тағайындау. Әр түрлі санаттағы істердің негіздері» атты тақырыпта баяндама жасады. 

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне алғыс

11/04/2015

Бүгін Астана қаласы сотының ұжымы «Астана қаласының Соттар кеңсесі» ММ-нің басшысы Ренат Тауымбековтың және Астана қаласы бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы Оралхан Тұрсыновтың  бастауымен сот жүйесінде жұмыс істеген Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылдағы еңбеккерлері  Александр Петрович Торкинға, Кәрім Садықұлы Садықовқа,  Рамазан Есмағамбетұлы Есмағамбетовке кіріп шықты.