Іс жүргізу келісімі негізінде сот үкімі шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2021 жылғы 5 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ басшысы Н.Е. Сыдықовқа қатысты ірі көлемде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК 366-бабы 3-бөлігінің1), 3) тармақшалары).

Іс сотқа прокурор мен сотталушының арасында жасалған процестік келісіммен келіп түсті.

Келісімде прокурор соттан Сыдықовқа 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы сұрайды.

Істе ауырлататын мән-жайлардың жоқ екендігі туралы көрсетілгендіктен, сотта іс жүргізу келісімін кері қайтаруға негіз болған жоқ.

Заң бойынша сот процестік келісімде көзделгеннен басқа неғұрлым қатаң жаза тағайындауға құқылы емес.

Келісіммен істерді қараған кезде сот дәлелдемелерді зерттемейді, тек келісімнің еріктілігіне ғана көз жеткізуге міндетті.

Сот отырысында прокурор мен сотталушы өздерінің арасында жасалған келісімнің шарттарын растады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, сот Сыдықовты кінәлі деп тауып, 5 жылға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Залалдың болмауына байланысты (пара сомасы алынды) жазаны өтеу қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде (қылмыс жасалған сәтте қолданыста болған ҚК талаптары бойынша) тағайындалды.

 Үкімге прокурор, сотталған шағымданбаған, заңды күшіне енгізілді.

 

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты