В.Рузахуновтың ІІМ-не қатысты талап қоюы негізсіз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 9 қаңтарда «Қазақстан» ТК-да Қырғыз Республикасының азаматы, музыкант В.Рузахуновтың Алматы қаласындағы қаңтар оқиғаларына қатысқандығы туралы бейнесюжет көрсетілді.

2023 жылғы 20 наурызда В.Рузахунов Астана қаласының Алматы аудандық сотына ІІМ-не бейнесюжетте таратылған мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп тану, аталған мәліметтерді теріске шығару және сол телеарна арқылы көпшілік алдында ресми кешірім сұрау міндетін жүктеу туралы талап қоюмен жүгінді.

Талаптар ІІМ БАҚ арқылы талапкер - Қырғыз Республикасының азаматының 2022 жылғы қаңтардағы митингілерді жоспарлау және қатысуы туралы негізсіз айыптауды таратұанымен негізделген.

Сотта видеосюжетті телеарнада жауапкер ІІМ-нің бастамасы бойынша көрсетілгені туралы В.Рузахуновтың дәлелі расталмады.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімімен В.М.Рузахуновтың талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты