Тұлғалар пара алғаны және бергені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2023 жылғы 13 наурызда Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты пара алу фактісі бойынша "Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ басшысы Б.-ға қатысты және пара бергені үшін Г. жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына қатысты айыптау үкімін шығарды.

Тергеумен тағылған айып

Б. жұмыссыз адамдарды оқытуға, сондай-ақ олар бойынша төлем өндіруге шарттар жасасқаны үшін Г.-дан 310 мың теңге пара алды.

Сотта

Сотталушылардың кінәсі сотқа ұсынылған дәлелдемелер жиынтығымен, олардың мойындау айғақтарымен, Б.-ның тұрғылықты жері бойынша тінту хаттамасымен және одан алынған парадан қалдықты алып қоюмен, жасырын тергеу әрекеттері нәтижелерімен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен расталады.

Қылмыстық іс сотталушы мен прокурордың кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасасуына байланысты келісу ісін жүргізу тәртібімен қаралды.

Сотталушылардың бұл әрекетке шын жүректен өкінуі және әрқайсысының асырауында жас балаларының болуы жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылады.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Үкім

ҚК 366-бабы 2-бөлігінің санкциясы пара сомасының 50 еседен 60 есе мөлшеріне дейін айыппұл салуды не мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

ҚК 367-бабы 2-бөлігінің санкциясы - пара сомасының 30 еселенгеннен 40 еселенген мөлшеріне дейін айыппұл салуды не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Процессуалдық келісімінің барлық шарттары орындалған істер бойынша жазаның негізгі түрінің мерзімі немесе мөлшері жазаның ең жоғары мерзімі немесе мөлшерінің ½ аспайды (ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігі).

Сотталушыға жаза тағайындаумен айыптау үкімі процессуалдық келісімге сәйкес шығарылады (ҚПК 626-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы).

Б. пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды және оған параның 30 еселенген мөлшері - 9,3 млн.теңге сомасында айыппұл тағайындалды.

Г. пара бергені үшін сотталды және оған параның 20 еселенген мөлшері - 6,2 млн.теңге сомасында айыппұл тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты