Сот Р.М. Мамуновқа қатысты үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2020 жылғы 30 қыркүйекте Р.М. Мамуновқа қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот нені анықтады

Мамунов таныстарының туысы - Қостанай қаласының бұрынғы әкімінің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғанын біле тұрып, оларды алдау арқылы ақша иемденбек болғаны анықталды. Мамунов сот жүйесінде таныстарының бар екенін айтып, жазаны жеңілдетуге және тәркіленген мүлікті қайтаруға көмектесуге уәде берген. Ол үшін олардан 1,2 млн АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражат алған. Осы ақшаны ол пәтер мен автокөліктер сатып алуға жұмсаған.

Мамуновтың кінәсі куәлердің айғақтарымен, олардың арасындағы әңгімелердің аудиожазбасымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Мұндай іс-әрекеттер заң бойынша қалай сараланады

Заң бойынша, егер адам мүлікті алдау арқылы пара беру сылтауымен ұрласа, онда мұндай іс-әрекеттер алаяқтық және пара беруге итермелеу ретінде жіктеледі.

Осыған байланысты Мамунов ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Соттың жазалау жөніндегі шешімі

Сот үкімімен Мамунов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесінде өтейді. Мамунов сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Ұрланған ақшаға сатып алынған мүлік - екі автокөлік және екі бөлмелі пәтер тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Специализированный межрайонный суд по уголовным делам