Сот әкімшілік қамаққа алу мерзімін қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы коменданттық сағат кезінде қоғамдық орында арнайы берілген рұқсаттамаларсыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз болғаны үшін қамаққа алу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған 3 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 3 құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығымен жарияланған төтенше жағдай режимін бұза отырып, сағат 23:00-ден кейін көшеде масаң күйде болған.

Апелляциялық сатыдағы сот әкімшілік қамаққа алу мерзімін қысқартты, істерді қарау кезінде өтелген, 2 құқық бұзушыға қатысты 10 тәуліктен 6 тәулікке дейін, 1 құқық бұзушыға қатысты – 7 тәулікке дейін қамаққа алу мерзімімен шектелді.

Қаулылар заңды күшіне енді.

 

 

 

 

 

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі