Сот қаржы пирамидасын құрған және қылмыстық топқа жетекшілік еткен адамға қатысты үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2023 жылғы 15 наурызда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаржы пирамидасын құру және басқару, сондай-ақ алаяқтық жасау фактісі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды.

Тергеумен тағылған  айып

2019 жылдың қазан-желтоқсан айларында ұйымдастырушы М. қылмыстық топқа 6 адамды тартып, кәсіпкерлік қызметті имитациялау мақсатында бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестігін сатып алып, олардың атынан олардың компаниялары көлік құралдарын нарықтық бағадан төмен бағамен сатумен айналысатыны туралы мәліметтер таратқан.

Мәселен, 2019 жылдың наурызынан 2021 жылдың қазан айына дейін «Mega-General Сомрапу», «Mega-General Co», «NurAutoKz» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Nur-Ai» жеке кәсіпкерлігі 300-ден астам адаммен шарт жасасып, нәтижесінде жалпы сомасы 7,5 миллиард теңгеден астам азаматтардың ақшалай қаражаты мен мүлкі тартылды.

Сондай-ақ М. алаяқтық жасағаны үшін айыпталды. Қаржы пирамидасының қызметін қолдау үшін бұл адамдар алдау  және сенімін пайдалану арқылы алынған көлік құралдарын кепілге қойып  несие ресімдеген, сондай-ақ автокөліктерді сатамыз деген сылтаумен 25-тен астам жәбірленушінің аса ірі мөлшерде ақшасын иемденді.

Сотта

Прокурор М.-ны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қорғаушы тарап сотталушыны оның кінәсіздігіне байланысты ақтауды сұрады.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал өтелмеген.

Сот үкімі

М. ұйымдасқан топ құрғаны  және басшылық еткені (ҚК-нің 262-бабының 1-бөлігі), қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны (ҚК-нің 217-бабының 3-бөлігі), сондай-ақ аса ірі мөлшерде қылмыстық топ құрамында алаяқтық жасағаны үшін (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 1), 2) тармақтары) кінәлі деп танылды.

ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің, 190-бабы 4-бөлігінің санкциясы - мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының 3 жас баласы бар екенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша М.-ны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.

М.-ға азаматтардың ақшалай қаражаттары мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда 7 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.

Сот жәбірленушілердің азаматтық талап қоюларын шешті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты