Сот Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысына үйқамақ мерзімін ұзартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2021 жылғы 21 сәуірде Е. Біртановтың үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу органының өтінішхатын қарады.

Сотта Е. Біртанов 6 айдан астам уақыт бойы тұрғын үйден шығуға толық тыйым салынуына байланысты үйқамақта болғанда қандай да бір заң бұзушылықтарға жол бермегенін айтып, оған отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрады.

Заң талаптарына сәйкес, шектеулер адамның отбасы мүшелерімен араласуына, қорғаушымен қарым-қатынасына, өмірлік маңызды   іс-әрекеттерді жүзеге асыруына, мысалы, медициналық көмек алуға және т.б. кедергі келтірмеуі керек.

Сот үйқамақ мерзімін ұзарта отырып, Е. Біртановтың асырауында бес баласы барын, оның үшеуі жас балалар екенін және қарт анасының барын ескере отырып, өмірлік қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыруы үшін оған 8 сағаттан бастап 19 сағатқа дейін үйден шығуға рұқсат берді.

Сот сонымен қатар, бұған дейін Е. Біртановтың тыйым салу ережелерін  бұзуға жол бермегенін назарға алды.

 

Источник: 
Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты