Мас күйінде автокөлік құралын басқарудың өтемі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 2017 жылы 10 қаңтарда ер адам Лада маркалы автокөлігін мас күйінде басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Соқтығысу нәтижесінде жәбірленушіге материалды залал келтірілген.

 Сот талқылауы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі