Әкімшілік сот пікірді уақытылы ұсынбағаны үшін тарапқа ақшалай өндіріп алу шарасын қолданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік соты алдын-ала тыңдау барысында ақшалай өндіріп алу түрінде процестік мәжбүрлеу шарасын қолданды.

Сотқа сот орындаушысының әрекетін даулау туралы әкімшілік талап қою келіп түсті.

Сот ұйғарымымен жазбаша пікір мен атқарушылық іс жүргізу материалдарын ұсыну үшін мерзімдер белгіленді.

Алдын-ала тыңдау барысында  жеке сот орындаушысының белгіленген мерзімде сот талабын орындамағаны, талап қоюға пікірдің ұсынылмағаны анықталды.

ӘРПК-нің 127-бабының 4-бөліміне сәйкес, пікірді уақытылы ұсынбағаны үшін сот 20 айлық есептік көрсеткішке дейін ақшалай өндіріп алу шарасын қолданып, 20 АЕК, яғни 58 340 теңге өндірді.

Еске салсақ, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте сотта бекітілген ережелерді бұзғаны,  сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, уақытылы пікір ұсынбағаны, сотты уақытылы хабарламағаны, сотқа келмегені, соттың сұрау салуын, талаптарын орындамағаны, сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұзғаны, талаптарды орындамағаны, процессуалдық міндеттерді орындамағаны үшін ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары көзделген.

Ақшалай өндіріп алу мөлшері - 20 айлық есеп көрсеткішке дейін бекітілген. Көрсетілген шара әкімшілік істер бойынша жауапкерлерді тәртіпке келтіруге, істің мән-жайларын уақытылы және толық зерттеуді және сотқа жүгінген адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты