Энергетика министрлігінің экс-вице-министрлерінің ісі бойынша қосымша ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәдібеков, Жақсалиев және басқалары:

- Бурабайдағы көлді тазарту кезінде ұрлық жасағаны үшін сотталып жатыр.

АЙЫПТАУДА 2 ДӘЛЕЛ БАР:

- сарапшы Молдахметовтың залал туралы қорытындысы;

- «тыңдау» жазбалары.

2020 жылдың шілдесінде сот істі тергеуге қайтарды:

1)  ұрлықтың нақты мөлшері анықталмаған;

2)  жұмыстар бойынша ЖСҚ-ның дұрыстығы тексерілмеген;

3) ұрланған ақша қайда және кіммен оффшорға жіберілгені, қандай адамдар арасында бөлінгені айқын емес;

4) айыптау ұрлықты ұйымдастырушылардың бірі - Баттаков бойынша материалдарды заңсыз бөлген;

5)  Ахсамбиевтің (вице-министр) іс-әрекеттеріне баға бермеген;

6) «тыңдау» кезінде заң бұзылған, бұл оларды жол берілмейтін дәлелдемелерге айналдырады;

7) тергеуде қорғау құқығы бұзылған.

 

2021 жылдың маусым айында іс қайтадан сотқа түсті.

Соттың жоғарыда аталған нұсқауларының ешқайсысын тергеу мен прокуратура орындаған жоқ.

Оның үстіне:

1. Сарапшы Молдахметов (Антикордың «қалта сарапшысы») тергеу барысында өзінің сараптамасын сертификатталмаған аспаптармен және ескірген бағдарламалық кешенмен жүргізген. Сонымен қатар, сарапшының өзі 2019 жылдың соңында лицензиясынан айырылған.

2. Сот тағайындаған сараптаманың қорытындысы бойынша көлді тазарту кезінде ұрлықтың болғанын немесе болмағанын анықтау мүмкін емес.

Сарапшылар жұмыс басталған кезде төменгі шөгінділердің көлемін сенімді түрде анықтай алмады.

Яғни, мемлекетке келтірілген залалдың сомасы да, жол берілмейтін дәлелдемелер негізінде айыпталған сотталушылардың кінәсі де дәлелденбеген.

  

Қайнар: 
Байқоңыр ауданының №2 соты