Бүгін сот Филармонияның бұрынғы қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімін жариялады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласының «Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК бас директоры С.С.Әбдірахманов бас бухгалтер Н.Б. Әбдікерімовамен, бухгалтер Ж. К. Паединовпен, экономистер Г. С. Каринаның, А. И. Жұманалымен, Л. Е. Жаналиновамен, бас бухгалтердің орынбасары Д. А. Ерғалиеваның қатысуымен мемлекеттік мекеменің ақша қаражатын ысырап еткені (ҚК 189-б.), қылмыстық топ құрғаны (ҚК 262-б.) және қылмыстық жолмен табылған ақша қаражатын заңдастырғаны (ҚК 218-б.) үшін айыпталды.

Сот анықтады:

Әбдірахманов 2012 жылы Филармонияның кассасынан негізсіз түрде жеке қажеттіліктері үшін 2 200 000 теңгені талан-таражға салған.

Әбдікерімова – бас бухгалтер Бухгалтерия қызметкерлерімен уағдаластық бойынша филармонияда жұмыс істемеген туыстары мен таныстарының карточкалық шоттарына жалақы ретінде аудару жолымен мекемеге 1, 11 млрд. теңге сомасына залал келтіріп, ұрлап кеткен.

Сонымен қатар, Әбдікерімова бухгалтер А.А.Мамиреевпен, ал кейіннен бас бухгалтердің орынбасарымен келісім бойынша  2014 жылдан 2015 жылға дейін, 2018 жылдан 2019 жылға дейін филармонияның есеп айырысу шотынан ақша алып, филармония кассасына кірмей, 146 млн. теңге жұмсаған.

Филармонияның ақшалай қаражаты есебінен 47 млн. теңге Әбдікерімованың және оның туыстарының, таныстары мен жұмыстағы әріптестерінің шетелде демалыстары үшін төленген, соның салдарынан мекемеге көрсетілген сомаға залал келтірілген.

Әбдірахманов Әбдікерімовамен сөз байласу бойынша классикалық және эстрадалық жанр бөлімінің көркемдік жетекшісі Н.Д.Тұрлыбековтың көмегімен 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін Мәдени іс-шаралар мен фестивальдерді өткізуге бөлінген 9,4 млн. теңгені негізсіз шығындаған.

Тұрлыбеков фестивальдарда атқармаған жұмысы үшін ақша қаражаты аударылған туыстары мен қарамағындағы адамдардың карт-шоттарын ұсыну арқылы қаражатты жымқыруға ықпал еткен.

Ұрлықтың барлық эпизодтары бойынша барлығы 1,6 млрд. теңге жымқырылған.

Сотталғандардың кінәлілігі сотталғандардың өздерінің, жәбірленуші тараптың – мәдениет басқармасы ММ өкілінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындысымен, іс бойынша жүргізілген жасырын тергеу амалдарымен,  куәлардың,  сарапшының айғақтарымен және т. б. расталды.

Жазалау бойынша

Прокурор ақшаны жария ету (ҚК 218-бабы) және ұйымдасқан топ құру (ҚК 262-бабы) бөлігінде, сондай-ақ 3 750 000 теңгені ұрлау эпизоды бойынша айыптаудан бас тартты.

Прокурор барлық сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде Әбдікерімованың ақша қаражатын ұрлаудағы ерекше белсенді рөлін таныды. Басқа сотталғандарда жазаны ауырлататын мән-жайлар жоқ.

Әбдірахманов ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен байланысты 4 жыл 8 айға бас бостандығын шектеуге сотталды (ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің талаптарын ескере отырып, ең жоғары жазалау шарасы). Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағынан және келесі мемлекеттік наградалардан айырылды: Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы Құрмет грамотасынан; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы Құрмет грамотасынан.

Жаза қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды  ескере отырып тағайындалды, сот оның мемлекетке келтірілген залалдың 2 200 000 теңгені, 4 019 150 теңгені және 297 000 теңгені толық өтелуін, сонымен қатар оның денсаулық жағдайы мен жасының 60-қа келгенін ескерді.

Әбдікеримова қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатқа сатып алынған 2 автокөлік, тұрақ орны бар екі үш бөлмелі пәтер, 3 бұлғын терісінен жасалған тон, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар, қол сағаттары мен парфюмерлік өнімдер, AppleMacBookAir ноутбукі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 9 жылға айыра отырып, ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот Әбдікерімованың кәмелетке толмаған балаларының болуын және қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал етуін, құқық бұзушылықтың басқа да қатысушыларын әшкерелеуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Мамиреев қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатқа сатып алынған «Шоколад» ТК-дағы 2 коммерциялық үй-жай мен BMW X5 автокөліктері түрінде мүлкін тәркілей отырып, ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің талаптарын ескере отырып, ең жоғары жазалау шарасы).

Сот сотталушының жас балаларының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.

Тұрлыбеков белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге ҚК - нің 28-бабының 5-бөлігі-189-бабының 1, 2-тармақтары бойынша сотталды.

Сот Тұрлыбековтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде  жас балаларының бар екенін таныды.

Ерғалиева белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде Ерғалиеваның  денсаулық жағдайын, оның 58 жаста екенін таныды.

Пауединов ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 8 жылға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің талаптарын ескере отырып, ең жоғары жазалау шарасы).

Сот Пауединовтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде мемлекетке келтірілген залалдың ішінара, яғни 6 млн. теңгенің өтелуін таныды.

Карина ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 7 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, шартты түрде бас бостандығынан айыруға 7 жылға сотталды.

Сот Каринаның мемлекетке келтірілген залалдың 12 млн. теңгесін толық өтеуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.

Жұманалы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 4 жылға айыра отырып, ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша 4 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сот Жұманалының мемлекетке келтірілген 6 млн. теңге залалдың толық өтелуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.

Жаналинова белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сот Жаналинованың мемлекетке келтірілген залалдың 3 млн. теңгені толық өтеуін қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай деп таныды.

«Мәдениет басқармасы» МК-нің талап-арызы қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты