Баспасөз хабарламасын теріске шығару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылғы 27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы сотының сайтында Алматы аудандық сотының баспасөз қызметі атынан азаматтық іс бойынша Қ.-ның әлеуметтік желілер арқылы қорлау нәтижесінде келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызы бойынша баспасөз хабарламасы  жарияланды.

Сот шешімімен К.-ның пайдасына 200 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу сомасы өндірілген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бұрын жарияланған баспасөз хабарламасында талап қою сомасы және сот шешімі бойынша өндіріп алынған сома қате көрсетілген.

Талапкер сотқа 3 млн. теңге көлемінде моральдық зиян өндіріп алуды талап етіп жүгінген.

Сонымен қатар, сот бұрын жариялаған хабарламада моральдық зиянды өтеу сомасы 2 млн.теңге мөлшерінде қате көрсетілгенін хабарлаймыз.

Источник: 
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық соты