Алаяқ 90 млн. теңгеден астам шығын келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алаяқтық  жасағаны  үшін Т. Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының 2023 жылғы 11 қаңтардағы үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы). Сотталғаннан жәбірленуші С.-ның пайдасына материалдық залалды өтеу есебіне 91 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.

Сот Т.-ның жәбірленушімен әлеуметтік желіде танысқанын және хат алмасу барысында өзінің оны ұнатып қалғаны туралы айтып сендіргенін анықтады. Ол өзін банкроттық сатыда тұрған зауыт директорымын деп таныстырып, сондай-ақ шындыққа жанаспайтын мәліметтерді, соның ішінде жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап әрі қолма-қол ақшаға өте мұқтаж екенін айтып сендіріп, жәбірленушіні алдаған. Өз кезегінде жәбірленуші белгілі бір уақыт аралығында оған онлайн-банктік аударымдар арқылы әр түрлі сомада ақша аударып отырған. Осындай қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде Т. жәбірленушіге 91,6 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген. Залал өтелмеген.

Т.-ның іс-әрекеттері алаяқтық, яғни ақпараттық технологияларды қолдана отырып бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау ретінде сараланды.

Апелляциялық шағымында сотталған адам тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұрады.

Т.-ға ҚК-нің 52-бабына сәйкес әділ әрі сай жаза тағайындалғандықтан апелляциялық сатыда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі