Архив событий

06/08/2015

Астаналық сотта Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын мерекелеуге арналған бейне ролик түсірілімі өтті

06/08/2015

Бүгін Астана қалалық сотында орналасқан ҚР Жоғарғы Сотының мұражайында  Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын мерекелеуге арналған телебағдарлама түсірілімі өтті.

Қазақ хандығы тарихын зерделеу және көпшілікке тарату қазақстандық патриотизмді нығайтуға маңызды мағына беретіні сөзсіз, сондай-ақ ол Қазақстанның халықаралық аренада оң беделін қалыптастыруға және оны күшейтуіне ықпал етеді.

Парақорлық туралы іс бойынша қылмыстық жауапкершілік

06/08/2015

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігі).

Сот, 2015 жылғы 24 сәуірде сотталушы өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, жедел-режимдік қызмет бастығы орынбасарының міндетін атқара отырып, сотталушыға тиесілі ұялы телефонды тауып алған және алып қойғанын анықтады. Одан кейін алдын алу әңгімелесу үшін сотталушыны шақыртқан. Әңгімелесу барысында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, пара алуға бағытталған қылмыстық пиғылға жол берген.

Тараптардың ұрлық туралы қылмыстық іс бойынша татуласуы

06/08/2015

Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сот, 2015 жылғы 10 наурызда сотталушы жануарлар дүкенінде болған кезінде 26 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат ұрлаған.

Сотталушы ол жасады деген қылмысты жасағанын мойнындады.