Бәрпібаев Тілектес Ешейұлы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1960 жылғы 24 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген.

1981-1986 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алды.

Мамандығы бойынша еңбек жолын 1986-1987 жылдары Қаскелең қаласындағы ІІБ инспекторы болып бастады.

1987-1990 жылдары Жамбыл аудандық ІІБ тергеушісі.

1992-1995 жылдары Жамбыл аудандық сотының судьясы.

1995-1999 жылдары Жамбыл аудандық сотының төрағасы.

1999-2002 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы.

2002-2003 жылдары Алматы қалалық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

2003-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.

2007-2012 жылдары Алматы қалалық сотының төрағасы.

2012-2013 жылдары Алматы облыстық сотының төрағасы.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы  № 710 Жарлығымен Астана қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2012), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), "Астана 20 жыл" (2018) мерейтой медальдарымен, "Үш би" құрмет белгісімен (2010),  III дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (2014), II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (2016), I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" (2018) медальдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2001) марапатталған.