Астана қалалық соттарының 2016 жылғы 6 айының жұмысы туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2016 жылғы 6 айда Астана қалалық соттары 45340 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді, материалдарды қарады, ол 2015 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (41100) 4240 іске және материалға немесе 10,3%-ға артық.

Істердің өсуі ағымдағы мерзімде азаматтық істердің 4847-ге артық қаралуымен байқалады, қаралған қылмыстық және әкімшілік істердің саны 607-ге азайған.

Есепті мерзімде қала соттарымен 1804 адамға қатысты 1481 қылмыстық іс қаралды.

Мынадай жазалау шаралары тағайындалды: 391 адамға қатысты бас бостандығын айыру; айыппұл – 381адам; қоғамдық жұмыстарға тарту –58 адам; бас бостандығын шектеу –272 адам; ҚР ҚК-нің 65-69-баптарын пайдаланы отырып жазадан босату -12; шартты түрде сотталғандар -  118 адам;

2016 жылғы 6 айда қалалық соттар  27117 азаматтық және 16742 әкімшілік істерді қарады.