Астана қалалық соттарының 2015 жылғы 6 айының жұмысы туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2015 жылғы 6 айында Астана қалалық соты 39647 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді, материалдарды қарады, ол 2014 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда  (32866)  6781 іске және материалға немесе 20,6%-ға артық.

Істердің өсуі ағымдағы мерзімде азаматтық істердің 2974-ге артық қаралуымен байқалады, қаралған қылмыстық және әкімшілік істердің саны 3807-ге артты.

Есепті мерзімде қала соттары 1789 адамға қатысты 1493 қылмыстық істі қарады.

Мынадай жазалау шаралары тағайындалды: 263 адамға қатысты бас бостандығын айыру; айыппұл – 244 адам; қоғамдық жұмыстарға тарту –40 адам; бас бостандығын шектеу –310 адам; ҚР ҚК-нің 65-69-баптарын пайдаланы отырып жазадан босату -40; шартты түрде сотталғандар -  140 адам;

2015 жылғы 6 айда қалалық соттар   22264 азаматтық және 15890 әкімшілік істерді қарады.