Заңсыз тұрақтан шығару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық соты азамат А.-ның азамат М.-ге заңсыз тұрағынан шығару туралы азаматтық ісі қаралды. 

Сотта 3 бөлмелі пәтер түріндегі жылжымайтын мүлікке меншік құқығы азамат А.-ның атына тіркелгендігі анықталды. 

04 маусым 2014 жылы аталмыш пәтерге талапкермен Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік тіркеу жүргізілген және ол меншік иесі туралы мәлімет –анықтамамен расталады.

Қазіргі уақытта талапкер аталған пәтердің меншік иесі болып табылады, бірақ жауапкердің және өзге де тұлғалардың заңсыз тұруы және пәтерді ерікті түрде босатудан бас тартуы салдарынан өзінің тұрғын пәтеріне кіре алмай жүр.

Талапкер  соттан жауапкер  М.-ны оның барлық отбасы мүшелерімен бірге заңсыз иеленген тұрғын –жайдан шығаруды сұрады. 

Аталмыш шешіммен сот иегердің мүлікті иелену мен пайдалану құқығын орнатты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

  

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі