Қыз бала суды қорқыту арқылы қоспақ болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында азаматша Б.-ға қатысты іс қаралды, ол «Астана су арнасы» МКК тоқтатқан және мөрлеген сумен қамтамасыз ету жүйесін өз  тәсілімен қоспақ болған.

«Астана су арнасы» МКК елордалық тұрғын үй кешенінің біріндегі борышкердің пәтерін ыстық және суық сумен  жабдықтауды, пайда болғаны қарызына байланысты, сот шешімімен тоқтатты.

Азаматша Б. суды өз еркімен қосу мақсатында сантехникалық үтікпен, жертөледегі ыстық және суық судың пластикалық трубаларын ерітпек болған. Қызмет көрсету компаниясының күзетшілері оны тоқтатпақ болғанда,  азаматша Б. киімдерін шешіп, егер оны тоқтатпақ болса, оларды зорламақ болды деп арызданатынын айтып қорқытқан.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жауапкердің кінәсі сотпен дәлелденді және ҚР ӘҚБТК 434 бабының 1 бөлігі бойынша бұзақылық, адамдарды құрметтемеу, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі