Жаңалықтар

Заңды түрде шығарылған үкім

24/07/2014

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының судьясы А.К. Рамазанованың төрағалығымен, Астана қаласы Мамандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы судьясы Кенжаев Абдулла Абутәліпұлы  жөнінде, оның ҚР ҚК 311-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны, яғни маңызды мемлекеттік лауазымды атқаратын, қызметкер тарапынан жасалған, қызметтік құзырына кіретін, мемлекеттік атқарымдарды орындауға уәкілетті тұлғаның, өз басымен, пара берушінің және оның ұсынған адамдарының пайдасына жасалатын әрекеттері үшін ақшалай пара алуы туралы қылмыстық іс қаралды.

Әкімшілік жаза

23/07/2014

Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330 бабының, 1 бөлігімен көзделген, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Б. жөнінде әкімшілік іс қарады.

2014 жылғы 14 шілде күні Б. Жеңіс даңғылы бойында болып, қоғамдық жерде пісте шағып, қабығын жерге тастап отырды, сөйтіп айналадағыларға құрметсіздік білдіретін және қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекет жасады.

Сотта Б., жасалған құқық бұзушылықтың ақиқаты мен мән-жайларына таласқан жоқ.   Кінәні толығымен мойындады және істеген әрекеті үшін өкінді.

«Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы судьялар одағы» филиалының Республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің Конференциясы.

21/07/2014

Баспсөз хабарламасы.

Астана қаласының сотында «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының судьялар одағы» филиалының Республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің Конференциясы өтті, осы конференцияда филиал төрағасы Д.Ғ. Кисикова тарапынан, кеңестің I - жартыжылдық жұмысы, филиалдың қаржы – шарушылық қызметі жөнінде есептеме берілді, судья этикасы жөніндегі Комиссия төрағасының міндетін атқарушысы А.Д. Балғумарованың есептемесі.

Елордада жаңа Әділет Сарайы ашылды

18/07/2014

Бугін Астана қалалық соты - Әділет Сарайы ғимаратының ресми тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Жоғары сотының төрағасы Қайрат Мами, Жоғары сот кеңесінің төрағасы Б. Бекназаров, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі А. Ракишева және Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетов қатысты.

Осы іс-шарада ғимараттың негізгі ақпараттық-коммуникациялық, инфрақұрылымдық жаңалықтарының көрсетуі ұйымдастырылды. 

"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының экс-президенті жөніндегі іс бойынша «нүкте» қойылды

16/07/2014

Бүгін, Астана қалалық мәжіліс залында "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының экс-президенті Ғабдуллатиф Мұрзақұлов бойынша үкім жарияланды.

Бастапқы мәлімет бойынша, Ғабдуллатиф Мұрзақұлов ҚР ҚК 311 бап 5 тармағы мен 193 бап 3 тармағына сәйкес аса ірі мөлшерде пара бопсалаушылықпен айыпталған.

Бүгін астаналық сотында кеңейтілген жиын өтті

11/07/2014

 Бүгін астаналық сотының кеңейтілген жалпы отырысы өтті, осы отырыста 2014 жылдың бірінші жартыжылдық жұмыс нәтижесі бойынша Астана қалалық соттарының әділ сот төрелігінің қорытындылары жасалды.

Кеңеске Астана қаласының судьялары, Астана қаласының аудандық соттардың судьялары мен төрағалары қатысты. Кеңейтілген кеңестің жұмысын, осы жылдың бірінші жартыжылдығында соттар әрекетінің негізгі көрінісіне, судьялық корпус әрекетінің негізгі бағыттарына, әділ сот төрелігін атқару сапасының мәселелеріне тоқталған,   Астана қалалық сотының төрағасы Т.Е. Бәрпібаев ашты.

Көшу туралы хабарлама!

10/07/2014

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты2014 жылдың 08 шілдесінен бастап өз әрекетін Астана қаласы, Есенберлин көшесі, 30/1 мекен-жайы бойынша жүргізетінін хабарлайды. (Жол жүру схемасы www.astana.sud.kz сайтында орналасқан).

«Әділдіктің ашықтығы мен қолжетімділігі»

17/06/2014

Астана қалалық соты Қазақстан Республикасының жергілікті соттары судьяларының бос қызмет орындарына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын, облыс аумағында тұратын судьялыққа кандидаттарымен жиналыс өткізеді.

Осыған байланысты төменде көрсетілген мәтінді бұқаралық ақпарат кұралдарына жариялауды сұраймыз:           

Беттер