Ерлі-зайыптылар бүйрек сатпақшы болған
19/01/2018
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылы Астана қаласында күйеуінің бір бүйрегін 6 000 000 теңгеге сату мақсатында ғаламтор жүйесіндегі сайттарға арнайы хабарлама берген, ерлі-зайыпты Е. қатысты қылмыстық іс қаралды. Содан кейін олар тірі органды сатып алмақшы болған шартты сатып алушыдан 6 000 000 теңгеге бүйрегін сату бойынша шарт жасасқан.
Сот үкімімен ерлі-зайыптылар ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 166-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Пресс-служба суда города Астаны