Автокөлік ұрлығы туралы іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды
12/10/2017
К. ТҚКС бола тұра, автокөлік иелері қалдырып кеткен кілттерді пайдаланып, бірнеше рет көлік ұрлаған.
Сонымен қатар, автокөліктің бірін ұрлаған К. рөлді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Жәбірленушілер К.-мен татуласқан және тараптар сотқа қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқарту туралы өтініш берген.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы іс қырқартылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Қайнар:
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі