Заң бюросы қарыз сомасын өтейді
22/06/2017
Талапкер мен жауапкер арасында заңды қызмет көрсету туралы келісім шарт жасалған.
Объектіге меншік құқығын тану туралы талапкердің құжаттарына заңдық қызметтер көрсеткені жауапкер 1млн.теңгеден аса сома алған.
Алайда, жауапкер келісім-шартта көзделген талапкердің мүддесіне сот отырысында өкілдік ету жөніндегі маңызды тармағының бірін орындамаған, соған сәйкес, Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты заңды қызмет көрсету туралы келісім-шартты бұзып, қарыз сомасын өндіріп алды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі