Қоймадан ұрланған телефон
21/06/2017
2017 жылдың қаңтар айында К. ЖШС-ның тұрмыстық техника қоймасында қоймашы А.-ның белгілі бір уақытта жоқ болуын пайдаланып, қоймаға заңсыз кіріп, жасырын түрде «Samsung S7» маркалы ұялы телефонын жымқырған.
Өзінің іс-әрекетімен К. жәбірленуші тарапқа 239 990 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен К. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеу арқылы 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі