Құқық бұзушыға лифтте ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алу тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылғы 14 шілдеде елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде медициналық қызметкер лифтіде кіші дәрет сындырған.

Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот К.-ны қоғамға әдепсіздік танытқаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.

Сот 5 тәулікке қамауға алу түріндегі жазаны қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметтемеушілік білдіруге бағытталған, орынсыз әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Қайнар: 
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты