Апелляциялық алқа А-ның Грузияда қайтыс болуы туралы іс бойынша үкімді күшінде қалдырды (іс жабық отырыста қаралды)

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 2 тамыздағы үкімімен М. зорлау және абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан адамдар тобы жасаған адам саудасы үшін кінәлі деп танылды.

М. 15 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Үкімге сотталған М. мен оның қорғаушысы шағымданған. Олар М-ны ақтауды және ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі оған тағылған айып бойынша М-нің  кінәсінің дәлелденуіне байланысты өзгеріссіз қалды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Іс бойынша қысқаша.

М. жәбірленушіге Грузия Республикасында айына 500 АҚШ долларында жалақысы бар  жұмыс істеуін ұсынған және оның Қазақстаннан Грузияға ұшып келуіне ықпал еткен.

М. пәтерінде, жәбірленушінің ұйқылы жағдайын пайдаланып, оның еркіне қарсы, дәрменсіз күйін пайдалана отырып, жәбірленушіні зорлаған.

Кейін М. пайда алу және оның қызметіне қамқор болған Грузия азаматы Б-ның тарапынан оған оң көзқарас танытуы мақсатында Грузия азаматы Б-ға әрі қарай сексуалдық пайдалану  үшін А-ны тапсырған.

Кейін жәбірленуші А. өзіне қатысты зорлық-зомбылықты одан әрі болдырмау үшін үйдің 9-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен секіріп, оқиға орнында қайтыс болған.

 

 

Қайнар: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі