2014 жылдың I - інші тоқсанының қорытындысы бойынша Жалпы отырысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         2014 жылғы сәуір айының 18-інші жұлдызында Астана қалалық сотында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жергілікті соттармен сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары белгіленді.

            Былтырғы жылдың есеп кезеңімен салыстырғанда, ағымдағы жылда қылмыстық істер бойынша - 51,5 %-ға, азаматтық істер бойынша 33,5 %-ға судьялардың орташа айлық жүктемесінің өсуі байқалды. Азаматтық істер бойынша судьялардың орташа айлық жүктемесі 1,85 %-ға төмендегені мәлім болды.

           Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Астана қаласындағы филиалы, бәсекенің нәтижесі бойынша, Астана қалалық сотының судьясы  Ж.Р.Алановты «2013 жылғы облыстың үздік судьясы» құрмет грамотасымен марапаттады.

           Сот жүйесінде бірнеше жыл бойы мінсіз еңбектері үшін, сот төрелігін жүсеге асыруда жетістіктері үшін, қоғамдық қызметті белсенді атқарғаны үшін Астана қалалық сотының судьясы М.К.Нурабаев «Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет белгісімен марапатталды, Астана қалалық сотының судьясы Ж.Б.Ермагамбетова мен Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.К.Исаева Судьялар Одағының құрмет грамоталарымен марапатталды.  

           Судьялар қауымдастығындағы белсенді еңбектері үшін Астана қалалық сотының судьясы Б.Д.Бияхметоваға, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ж.М.Ли мен Астана қаласының Алматы аудандық сотының судьясы К.Д.Рахметулинаға алғыс жарияланды.