Жұмыс беруші кесілген саусақ үшін моральдік зиян сомасын өтейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

2017 жылы 26 наурызда К. өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде, сол қолының бірінші саусағын жарақаттаған.

Жарақаттанған саусақты травматолог қарағаннан кейін, оның саусағын кескен.

Аталған факт бойынша өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт толтырылған. Сотта жұмыс берушінің кінәсі дәлелденді және істің мән-жайларымен жауапкер дауласпады, осыған сәйкес, К. Астана қаласы Есіл аудандық сотына жұмыс берушіден моральдік зиян сомасын өндіру туралы талаппен жүгінді.

ҚР АК 951 бабының 3 бөлігі бойынша зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян азаматтың өмiрi мен денсаулығына жоғары қауiптілiк көзi арқылы келтiрiлсе өтеледі.

Соттың шешімімен кәсіпорыннан К.-ның пайдасына 200 000 теңге моральдік зиян сомасы және  мемлекеттік баж төлемдері бойынша сот шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар