Жеке кәсіпкер тұтынушыға қарыз сомасын төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Келісім шартқа сәйкес жеке кәсіпкер 10-20 күннің ішінде талапкерге ас үй жиһазын жеткізуге міндетті болған.

Іс материалдарында талапкер жиһаз алу үшін жауапкерге алдын ала төлем жасағаны, алайда соңғысы шарт бойынша міндеттемесін орындамағаны  анықталды. Осы себеппен талапкер Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына жауапкерден қарызды және шарт бойынша тұрақсыздық айыбын өндіріп алу талабымен жүгінді.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасы және тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі